Қазақстан металлургиясының кешені

Курсовая работа

КІРІСПЕ…………………………………………………………… …….3

І БӨЛІМ

ІІ БӨЛІМ. Өндіріс технологиясы

2.1 Уран өндірісі…………………………………………………….8

2.2 Бериллий өндірісі………………………………………………10

2.3 Тантал өндірісі………………………………………………….11

ІІІ БӨЛІМ

3.1 Орталық ғылыми – зерттеу зертханасы (ОҒЗЗ)………………..12

3.2 MS Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді

өңдеу………………………………………………………………. ..14

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………… ….. 19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………..20

КІРІСПЕ

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан КСРО-дағы республикалар арасында металлургия бойынша екінші орынға шықты. Мысалы, Шымкент қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9%-ін, ал Балқаш зауыты елімізде балқытылған мыстың 51%-ін, Қарағанды бассейні көмірдің 90%-ін берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі Үшінші орында тұрды. Мұның бәрі, сөз жок, жұмысшылардың, соның ішінде қазақ еңбеккерлерінің еліміздің жарқын болашағына ұмтылуы, өскелең ұрпағы Үшін жақсы жағдай жасауға тырысуы арқасында жеткен жетістіктер еді.

1928 жылы қазанда басталған халық шаруашылығың дамытудың алғашқы бесжылдығы белгіленген мерзімінен бұрын орындалды. Осы жылдары қазақстан экономикасына жұмсалған қаржы көлемі 1,5 млрд сомнан асып түсті, олардың жартысына жуығы өнерқәсіп, транспорт және байланыс салаларына жұмсалды.Республикада қырықтан астам өндіріс орындары жаңадан салынып, қайта жөндеуден өткізіліп, соңғы техникамен жарақтандырылған ірі зауыттар, фабрикалар, шахталар, рудниктер, электростанциялары өндіріске қосылды.

Үлбі металлургия зауыты Ашық Акционерлік Қоғамы — өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті. Зауыттың дамуының басты сипаты өндірісті үздіксіз жетілдіру еді.

Бүгінгі күні зауытта қандай да болса күрделі мәселелерді шешуге қабілетті 6000 астам жұмысшылар, техниктер, инженерлер еңбектенуде. 1999 жылдың соңында, әлемдік рынокта өз орнын тапқаннан кейін, зауыт тарихында барлық өндірістерді дамытатын ірі инвестициялық бағдарлама әзірленді

23 стр., 11371 слов

Работы: «Разработка технологического процесса прокатки сортовой ...

... производства сортовых профиле от жидкого металла до готовой продукции; описать и проанализировать технологических процесс и оборудование прокатки на стане 780 ПАО "ЧМК", а также разработать варианты по ... прокатки и технико-экономических показателей работы стана 780 ПАО "ЧМК"; проанализировать обеспечение безопасности жизнедеятельности и защиты окружающей среды в условиях стана 780 ПАО "ЧМК". 1. ...

1 БӨЛІМ

1.1 Қазақстан металлургия саласы

Еліміздің экономикасында тау-кен саласының алатын орны ерекше. Өйткені, біздің республикамыз шикізаттар абсолюттік қорлары бойынша, оның әр адам басына шаққанда өндіруі бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Мұнда дүние жүзіндегі вольфрам қорларының 50 пайызы, уран мен хром кендерінің 25 пайызы, мырыштың 19 пайызы шоғырланған. Басқа металдардың да қоры өте жоғары.

Біздің еліміз әлемдегі ең ірі минералды шикізат өндіруші мемлекеттің бірі. Ол дүние жүзінде рений, уран, бериллий өндіруде бірінші орында, хром кені, феррохром, титан өндіруде екінші орында; марганец кені, ферроқорытпалар, тантал, асбест, ниобий, галлий, техникалық таллий, мышьяк өндіруде үшінші орында, тазартылған мыс, мырыш, кадмий, бор, күкірт өндіруде жетінші орында, темір кенін өндіруде оныншы орында, көмір өндіруде он бірінші орында, мұнай мен газ өндіруде он жетінші орында.

Қазіргі таңда республикада жылына 75 млн.тонна мұнай, 30 млрд. текше метр табиғи газ, 120 млн. тонна көмір, 25 млн. тонна темір кені, 35 млн. тонна мыс кені (450 мың тонна мыс концентраты), 8 млн. тонна қорғасын мырыш кені (50 мың тонна қорғасын, 450 мың тонна мырыш концентраты), 3,8 млн. тонна хром кені, 12 мың тонна уран өндірілді.

Кен мен металл өндірушілер «Қазақмыс», «Қазцинк», «ССГПО», «Қазхром», «Қазахстан алюминиі», «Қостанай минералдары», «Қазақалтын», т.б. бірлестіктердің тау-кен және металлургиялық кәсіпорындары. Өкінішке орай, бұлардың бәрі шетел компанияларының меншігінде. Ал оларда қолданатын құрал-жабдық пен технология кеңес дәуірінен қалған, бірен-саран өндірістер ғана жаңар­тылған. Мамандардың бәрі Қазақ политехникалық институты мен отанымыздың басқа техникалық оқу орындарының түлектері. Олардың іскерлігін шетелдік инвесторлар өте жоғары бағалайды.

Тау-кен металлургия кешені еліміздің ІЖӨ-нің 7-ден астам пайызын, жалпы, өндіріс табысының 17 пайызын құрайды. Және оның экспорттағы үлесі 20 пайыздан артық. Бірақ тау-кен металлургия кешенінің 85 пайыздан астам өнімі экспортқа шикізат, концентрат түрінде шығарылады. Ал металдар және олардан жасалатын өнімдер экспорттың 14 пайызына зорға жетеді.

Шетелдерге сатылатын тауарлардың құндылығы үшінші-төртінші буында өңделетін дайын өнімнің бағасынан жүз еседен астам төмен. Оның үстіне экспорттан түсетін жалпы қаржының тек бестен бір бөлігі бюджетке түсіп, қалғандары инвес­торлардың қалтасында қалып отыр. Ал, дамыған елдерде (Ұлыбритания, Норвегия, Швеция және т.б.) мұнай-газдан мемлекеттің бюджетіне түсетін пайда 80-85 пайызды құрайды.

Өмір жер қойнауының байлығына өте сақтықпен қарауды талап етеді. Мұндай үлгіні әлемнің дамыған елдері көрсетуде. Мысалы, АҚШ бізге қарағанда әлдеқайда зор қорларға ие бола отырып, минералды шикізаттың барлық түрлерінің 85 пайызынан астамын сырт елдерден сатып алады, өз қорларын келешек ұрпаққа сақтайды.

1.2 Үлбі металлургия зауытының қысқаша тарихы

Үлбі металлургия зауыты Ашық Акционерлік Қоғамы — өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті. Зауыттың дамуының басты сипаты өндірісті үздіксіз жетілдіру еді.

9 стр., 4016 слов

Уран как полезное ископаемое

... (Большое Медвежье озеро), Чехии и Франции. Вторым источником урана являются конгломераты ториевой и урановой руды совместно с рудами других важных минералов. Конгломераты обычно содержат достаточные для извлечения ... 150 °C смесь урановой руды с сульфидными минералами подают поток кислорода. При этом из сернистых минералов образуется серная кислота, которая и вымывает уран. На следующем этапе из ...

70 жылдардың басы – СССР-да атом энергетикасы саласын дамыту кезеңі еді. Осы кезеңде бірнеше ірі АЭС құрлысын салу көзделді. Оларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылына 1000 тонна құрамында уран қосындысы бар таблеткалар шығару қажет болды. “ҮМЗ” алдында күрделі міндеттер тұрды: ірі қаржылық қолдаусыз жеті айдың ішінде жобалау, жүздеген тонна құнды құрал-жабдық әзірлеу, уран диоксидінің өндірісін қосу және құру, мамандар дайындау қажет болды. Дегенмен де ұжымның күшімен алда тұрған міндеттер мерзімінде орындалды. 70 жылдардың аяғында ядролық реактор құрастырушылары “ҮМЗ” де жоғары сапалы ядролық жылу өндіру мүмкіндігі бар екендігін айтты. Соңынан жылу өндірісі кәсіпорын зкономикасының алдыңғы қатарынан орын алды. Тұрғын үй құрлысы мен әлеуметтік инфраструктура обьектілері қатар жүргізілді. “ҮМЗ”-нің қатысуымен Орталық мәдениет үйі, Спорт сарайы, “Голубой залив” демалыс үйі, Пионерлер сарайы, мектептер мен ауруханалар, бала бақшалары салынды. Стрелка және 90 жылдары Ефим Павлович Славскийдің есімі берілген Ертістің Сол жағалауы шағын аудандарының құрылысы жедел түрде дамыды. Бұл адамның Өскемен қаласы мен ҮМЗ заводының дамуына қосқан үлесі зор. Оның қатарында Владимир Павлович Потанин, Юрий Михайлович Мурин тәрізді адамдар да тұр. Олар бірінен кейін бірі 27 жыл бойы (1961-1974-1988) зауытқа жетекшілік жасаған жандар. Олардың кәсіпорын мен қаланы дамытудағы үлестері ерекше және халықтың есіненен мәңгі орын алды. В.П.Потанин жаңашыл бағытты ұстанды. Оның келуімен зауытта кәсіпорынды дамыту мен көптармақты инфраструктура құруда жаңа бағыттарды іздестіру жолға қойылды. ҮМЗ –ны жаңа көпсалалы өндіріске айналдыру түбегейлі жүргізілді. Жаңа шығармашылық ұжымдар, тантал, бериллий, уран өндіретін жаңа өндірістер құрылды. Оның бастамасымен ауылшаруашылығына қолдау жасала басталды. Осылайша Тарханка селосында ірі совхоз құрылды. В.П. Потаниннің орнын сенімді адам қабылдап алды. Ю.И.Мурин басшылық жасаған кезеңде СССР дағы және әлемдегі ең қуатты АЭС үшін жылу өндіретін өндіріс құрлысы аяқталды. Тантал, бериллий, және оксид бериллиінен алынатын керамика өндірісі дамыды. 90 жылдардағы қайта құру кәсіпорынға біраз қиындықтар туғызды. Тек зауыттың 50 — жылдығы қарсаңында кәсіпорын жаңа нарық жағдайында өз орнын тауып, жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ жаңаша өрлеуде. 1997 жылы ҮМЗ “Казатомпром” Ұлттық компаниясының құрамына енді. Бұл компанияның басты мақсаты Қазақстанның уран байлығына иек арта отырып, атом өнеркәсібі саласын жоғары сапалы деңгейге жеткізу. 1998 жылдың 15 желтоқсаны күні “ҮМЗ” ААҚ бас директоры болып Виталий Григорьевич Хадеев тағайындалды. Ол заводта 20 жылдан астам жұмыс істеді және қарапайым аппаратчик пен смена мастерінен кәсіпорын басшысына дейінгі жолдан өтті. Оның бойында “жаңа басшыға” тән жастық пен қуат, зор қабілет пен ұйымдастырушылық дарын, білім тәрізді қасиеттердің бәрі де бар. Басты мақсаты заводтың өркендеуі мен әр зауыт қызметкерінің жағдайын жақсартуға ұмтылыс. Мыңжылдықтар тоғысындағы заводтың қазіргі жағдайы үлкен үміттерге жетелейді. Бюджеттік қарыздар мен берешектер өтелді. Еңбек ақы уақтылы төленеді. Бүгінгі зауыттың даму жоспары бары анық.

Бүгінгі күні кәсіпорынның құрамында:

  • ТМД елдеріндегі атом энергетикасына арналған ядролық отынның ірі өндірісі;
  • Еуразиялық континентте бериллий қосылған өнімдердің қара құймаметалдан дайын бұйымдарға дейін барлық түрлерін өндіруші жалғыз өндірісі;
  • ТМД елдерінде заманға лайық қуатты жабдықтармен жарақтанған, тантал-ниобий қосылған шикізаттың барлық түрлерін қайта өңдеуге қабілетті жалғыз тантал өндірісі;
  • заманына сай балқытқыш қышқылының өндірісі;
  • металл өңдейтін жаңа жабдықтарда аса жоғары дәлдікте бұйымдар жасауға, жабдықтар дайындау бойынша бай тәжірибесі бар көлік жасау кешені;
  • қуатты ғылыми-зерттеу база;
  • ірі конструкторлық-жобалау институты;
  • қуатты қосымша өндіріс инфрақұрылымы.

“ҮМЗ” ААҚ бериллийді 1951 жылдан бастап өндіреді. Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ маркалы бериллий өнімі бүкіләлемдік үздіктердің қатарынан орын алады. ТМД көлеміндегі тантал өндіретін бірегей өндіріс химиялық – металлургиялық, пеш және қаттау тәрізді қуатты құралдармен жабдықталған. 1950 жылы құрылған. Танталдың барлық түрін және құрамында ниобий қосындылары бар өнімдердің барлық түрлерін (фтортантал калийден бастап дайын құймалар, металл шыбықтар мен сымдар тәрізді өнімдерді) шығарады. Плавика қышқылын шығаратын өндіріс орны. Өндірістің қуаттылығы Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстанды бірге алғанда бәрінің де қажеттілігін өтеуге жарайды. Жоғарыөткізгіш материалдар өндіретін өндіріс орны 1969 жылы құрылды. Мамандардың күшімен жоғары электрлік, техникалық,және іске асатын жаңа өткізгіш сымдар, кабелдік желілер мен шиналардың түрлері пайда болды.

15 стр., 7366 слов

Разработка автоматизированной информационной системы для электронного ...

... , Суреттер саны - 36. Рецензия на дипломный проект студента группы ВТ-06ФАО Кульжамбекова Олжаса Аскаровича на тему: Разработка автоматизированной информационной системы для электронного документооборота образовательных учреждений Предоставленный на рецензию дипломный проект состоит из программы ...

Тармақты инфраструктура және қуатты ғылыми күш:

Құрал-жабдықтары — механикалық цех, энергожөндеу, электрожөндеу, транспорт цехы, көпсалалы қызмет көрсету цехы (типографиясымен), технологиялық процесстерді автоматтандырудың орталық лабораториясы, өлшеу техникасының орталық лабораториясы, жобалау-құрастыру институты, орталық ғылыми-зерттеу және талдау лабораториясы, қоршаған ортаны қорғау лабораториясы.

“ҮМЗ” ААҚ мамандары “ Қазақстанның тенге сарайын” құрды. 1993 жылдан бастап металл тенгелерді, ал, келесі жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын шекілдеу басталды. Бүгінгі күні фурнитура бұйымдары, құнды металлдардан жасалған бұйымдар, мерейтойлық тенгелер шығарылады. “Үлгі металлургиялық зауыты” Ашық акционерлік қоғамының Тауарлық белгісі Қазақстан республикасында, сол сияқты, Ресей Федерациясында, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Польша, Словакия, АҚШ, Франция, Чехия, Жапонияда тіркелген. 1999 жылы “ҮМЗ” ААҚ ISO 9002 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес өнім сапасын басқару жүйесіне төмендегі салалар бойынша сертификат берді: Уран қосындыларынан алынған өнім өндірісі, оның ішінде ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғыларға арналған өнім өндірісі; түрлі деңгейде әзірленген өнімдерді ала отырып, уранның түрлі қосындыларын өңдеу. 1999 жылдың аяғында бериллий лигатурының өнімдік сапасын басқару жүйесі қызметін тарату бойынша сертификациялық аудит өткізілді. Ол Қазақстан республикасының “КАЗАТОМПРОМ” ҰАК құрамына қабылданды және еңбек етті. Жаңаша басқару стилі, стратегиялық басымдықтар мен нақты тактикалық міндеттер Кенді Алтайдың ірі кәсіпорнының бірі “ҮМЗ” ААҚ ұжымын ұзаққа созылған дағдарыстан шығарды. Қазақстан атом саласының үшінші мыңжылдықта әлемдік рынокқа сеніммен шығатын мүмкіндігі мол.

Бүгінгі күні зауытта қандай да болса күрделі мәселелерді шешуге қабілетті 6000 астам жұмысшылар, техниктер, инженерлер еңбектенуде. 1999 жылдың соңында, әлемдік рынокта өз орнын тапқаннан кейін, зауыт тарихында барлық өндірістерді дамытатын ірі инвестициялық бағдарлама әзірленді.

12 стр., 5540 слов

Байқоңыр космодромы

... (70%) жайылымдық жерлер. Космодром бойынша жарамсыз жерлер көлемі 1,8 га тең және ол карьерлер, қалдықтар төгілетін Байқоңыр қаласының төңірегіндегі ... блоктарға отын және сығылған газды құюға арналған 3 стансаны, 2 аэродромды және өлшеу кешенін қамтиды. “Байқоңыр” төңірегіндегі ... имаратты, ғарыш аппараттары мен екпінді блоктарға отын және сығылған газды құюға арналған 3 стансаны, 2 аэродромды және ө ...

«ҮМЗ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК алдында осы кезде үлкен мәселе тұр: әлемдік уран қорының 25 пайызына ие болған Қазақстанның зор әлеуетіне сүйене отырып, атом саласын сапалы жаңа деңгейге жеткізу. Бериллий шикізатының маңызды қорына ие бола отырып, ұжым өзіне сапасы жағынан жаңа технологиялар базасында дайындалатын бериллий өнімдерін өткізу көлемдерін кеңейту және әлемдік тұтыну үлесінің 20 пайызына дейін ие болу бойынша міндет жүктейді. Бүгінгі күні бұл мәселені зауыт мамандары мен басшылары табысты шешуде.

2 БӨЛІМ. Өндіріс технологиясы

2.1 Уран өндірісі

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның уран өндірісі — энергетикалық қондырғыларға арналған уран отынын өндіру бойынша әлемдегі ірі кешендердің бірі.

Бүгінде «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның уран өндірісі әлемдік нарыққа келесі өнімдерді ұсына алады:

  • табиғи ураны закисі-окисі;
  • керамикалық сұрыпты ядролық уран диоксидінің ұнтағы;
  • ВВЭР, РБМК, PWR тұрпатындағы реакторларға арналған отын таблеткалары, оның ішінде эрбий оксиді мен гадолиний оксиді сияқты жанғыш қоспалы отын таблеткалары;
  • AREVA NP француз дизайніндегі PWR реакторына арналған AFA 3G типті отын таблеткалары
  • ашылуы қиын уранқұрамдас материалдарды қайта өңдеу бойынша қызметтер.

Кәсіпорын мамандары әзірлеген бірегей технология тек дәстүрлі шикізат түрлерін ғана емес, сонымен қатар, күл, ерімейтін шөгінділер іспеттес ашылуы қиын, оның ішінде жанғыш сіңірушілер (эрбий мен гадалиний) сияқты уранқұрамдас материалдардың да тиімділігі жоғары қайта өңделуін қамтамасыз етеді. Қолданыстағы технологияның әмбебаптығы кез келген уранқұрамдас материалды қайта өңдеу мүмкіндігінде, оның ішінде қайта қалпына келтірілген шикізатты Тапсырысшы спецификациясының ең жоғары талаптарына сәйкес өнімге дейін өңдеуде.

1-сурет. Уран өндірісі

Қызметтердің кең ауқымы, икемді өндірістік және маркетингтік саясат, өнімнің жоғары сапасы Үлбі металлургиялық зауытын АЭС-терге арналған ядролық отынның әлемдік нарығында алдыңғы қатарлы позицияны ұстап тұруға, АЭС-терге арналған әлемдік ядролық отын нарығының белсенді қатысушысы болуына жол ашады.