Стандарттау сертификаттау,метрология туралы ұғым

СО құжаттарында стандарттау терминіне мынадай анықтама беріледі: «Стандарттау» — ғылым, техника және экономика салаларында көп рет қайталанылатын және осы салалардың мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін мәселелерді шешу жолындағы әрекет..

Стандарт- мүдделі жақтардың бір – бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған, ғылым мен техниканың және практикалық тәжірибелердің нәтижелеріне негізделген, қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органдарымен қабылданған техникалық құжаттар.

Сертификат термині латын тілінен аударғанда «растаймын,дұрыс» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин күнделікті өмірде және сауда тәжірибесінде белгілі болғанына көп уақыт өтпегенімен, рәсім түрінде 19 ғасырдан белгілі.

Ғылым тарихшылары сертификаттау өскіндерін ежелгі кезеңдерден анықтаған, өндірушінің өнімге шебер жұмысының жоғары сапасын растайтын таңба қоюы, сақтандыру рәсімі көп ғасырлар бойы сақтандыру объектілерінің жағдайын бағалаумен, оны құжатты түрде куәландырылған және т.б

1999 жылы ҚР ның «Стандарттау туралы» және «Серитфикаттау туралы» зандары қабылданды.

Метрология (гр.метро» өлшем, « логос» оқу, білім ) өлшемдер туралы, олардың бірлігімен талап етілнтін дәлдігін қамтамассыз ететің әдістер мен құралдар туралы ғылым.

Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте замандарда пайда болған. Ежелгі орыстық өлшеу жүйесіенің егізуін ежелгі гректік өлшем бірліктері салған, ал олар өз кезегінде Ежегі Грекия және Римнен алыған. Әр бір өлшем жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болған, олар сол дәуірмен және ұлттық дәстүрмен байланысты болды

Стандарттау, сертификаттау туралы заңдар

Негізгі ұғымдар

Мемлекеттік стандарттау – бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт;

  • Мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені білдіретін объектілерді стандарттау;
  • Халықаралық стандарттау – барлық елдердің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау;
  • Аймақтық стандарттау — әлемнің тек бір ғана географиялық, саяси немесе экономикалық аймағы елдерінің тиісті органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау;
  • Техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың мазмұнын енгізу арқылы міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құжат.

Ол сондай – ақ терминологияға, белгілеулерге, буып – түюге, таңбалауға, олар өнімге, процеске (жұмысқа), қызмет көрсетуге немесе өндірістің әдісіне қолданылатын дәрежеде талаптарды қамтуы немесе ерекше мазмұндауы мүмкін;

3 стр., 1495 слов

Генератор туралы қазақша

... генераторлар электр тогының алады магнит гидродинамикалық генератор, немесе МКМ-генератор, жылу энергиясы өзгертіледі тікелей электр. Сондық ... энергиясына. Қазақстан тарихы Сонымен қатар, ашылған байланыс сенушілігінде пайдаланылды электростатикалық генераторлар, олар жұмыс ... болды униполярным генераторы, использовавшим мыс диск, айналмалы между полюсами подковообразного магнит. Ол вырабатывал шағын ...

  • Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган — стандарттау, метрология және сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
  • Метрологиялық ұғымдар мен терминдер, олардың анықтамалары терминологиялық стандартта берілген.

Бұл стандарт «ГОСТ 16263 — 70. Мемлекеттік өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жүйесі. Метрология. Терминдер мен анықтамалар» деп аталады.

Метрологияның негізгі ұғымдары: физикалық шама, физикалық шаманың размері мен сандық мәні, физикалық шаманың бірлігі мен размерлігі, физикалық шама бірлігінің эталоны, өлшем, өлшем құралдары, өлшем құралдарын дәлдеу, өлшем дәлдігі, өлшем дұрыстығы, өлшем анықтығы, өлшем ұқсастығы (бірдейлігі), өлшем қайталанғыштығы, өлшем қатесі.

Стандарт түрлері

  • Негіз болушы стандарт
  • өнімге стандарт
  • қызметке стандарт
  • процеске стандарт
  • анықтамалар мен терминдерге стандарт

Х

алықаралық мереке күндері

Метрология күні 20 мамыр

Стандарттау 14 қазан

Аккедиттеу 9 маусым

Сапа1 10 қараша

Стандарттау мақсаттары

1.Азаматтардың өмірі мен денсаулығы, занды және жеке тұлғалардың мүлік,мемлекеттік, жануарлардын денсаулығы мен өміріне немесе өсімдіктер қауіпсіздігінің деңгейін арттыру техникалық регламент орындалуына көмек.

2. объектілердің техногендік және табиғаттық төтенше жағдайлардың пайда болу қаупін есептегендегі қауіпсіздік деңгеін көтеру

3. ғылыми -техникалық прорессті қамтамассыз ету

4. өнімнің,жұмыстың және қызметтің бәсекестік қабілетін арттыру

5. ресурстарды рационалды түрде қолдану

6. техникалық және ақпараттық бірлестіктер

7. өлшем және зерттеулердің нәтижелерін, техникалық және экономика-статистиканың мағлұматтарды салыстыру

8. өнімнің өзара ауыстырушылығы

Сандарттаудың қағидалары

  • Стандарттаудың еркін қолдану және өнімнің бір түрі түрінде қолданылуы үшін шарттарды қамтамассыз ету.
  • Халықаралық стандартты ұлттық стандарт дайындау негіздері ретінде қолдану.
  • Жақтар мүддесінің балансталуы.
  • Стандарттаудың жүйелілігі.
  • Динамикалық және стандарттан озып отыратын дамулар
  • Өндіріске, өнімнің айналысына кедергілердің құрылуына стандарттау мақсаттарының орындалуына минималды қажет дәрежеден жоғары жұмыстардың орындалуына немесе қызметтің көрсетулеріне жол бермеу
  • Стандарттау тиімділігі
  • Үндестіру қағидалары
  • Стандарт ережелерінің айқындық қалыптастырылуы
  • Өзара байланысты объектілерді стандарттаудың жинақтылығы
  • Талаптарды тексеру әділдігі
  • Стандарттарды біркелкі қолдану үшін шарттарды қамтамассыз ету

Стандарттау функциялары

Стандарттау мәселелері

  • Өндірушілер өндірушілер, дайындаушылар, сатушылар мен тұтынушылар арасындағы өзара түсінушілікті қамтамассыз етеді.
  • Тұтынушылар және мемлекет мүддесіндегі өнімнің сапасы мен атаулығына оңтайлы талаптарды орнату, соның ішінде оның коршаған ортаға, өмір, денсаулуқ және мүлік үші кауіпсізлігін қамтамассыз етеді
  • Бірлескен бойынша талаптарды, сондай ақ өнімнің өзара ауыстырушылығын орнату
  • Өнім сапасын бағалау сертификаттау бақылауын нормативті техникалық қамтамассыз ету
  • Орнату негізінде біріңғайланған параметрлік және тұрпатөлшемдік қатарды базалық құрылым, бұйымның құрылымды біріңғайланған блогты модульді құраушы бөліктеоін қолдану
  • Метрологиялық нормаларды ережелерді талаптарды орнату

бақылаудың нормативті технологиялық камтамассыз етілуі, сертификаттау және өнімнің сапасын бақылауы

7 стр., 3403 слов

Классы точности средств измерений. Нормативные документы по стандартизации. ...

... класса точности. Средствам измерений, предназначенным для измерений двух или более физических величин, допускается присваивать различные классы точности для каждой измеряемой величины. С целью ограничения номенклатуры средств измерений по точности ... классификаторы технико-экономической информации; стандарты отраслей; стандарты предприятий; стандарты научно-технических, инженерных обществ ...

  • Технологиялық процестерге талаптарды орнату, соның ішінде материал сыйымдылығын энергосыйымдылықты және еңбек сыйымдылығын төмендету мақсатында, аз қоқысты технологияны қолданды қамтамассыз ету
  • Технико экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеу жүйелерін құру және енгізу

Ғылыми-техникалық , әлеметті-экоомикалық, мемлекетаралық және мемлекет бағдарламаларын және инфрақұрылым жинақтарын нормативті қамтамассыз ету

өнімнің атаулығын және негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттармен тұтынущыларды қамтамассыз ету үшін тізімдеу жүйесін құру

Стандарттау категориялары

Халыкаралық Аймақтық Мемлекетаралық Ұлттық Кәсіпорын

Стандарттау әдістері

Стандарттау әдістері- стандарттаулар мақсаттарына жетуде көмектесетін, бұл қабылдау немесе қабылдаулар жиынтығы.

Стандарттау объектілерін реттеу – өнім,процестер және қызметтерін стандарттау аумағында әмбебаб әдіс.Реттеу әртүрлілікті басқару, ең алдымен әртүрлілікті қысқартумен байланысты.Реттеудегі жұмыстардың нәтижелері ақырғы өнім үшін жинақталған өнімнің шектелген тізімдері,өнімнің тұрпаттық құрылымның альбомдары,техникалық, басқаратын және басқа құжаттардың тұрпаттық формалары.Реттеу әмбебап әдіс ретінде бөлек әдістерден тұрады: жүйелеу,үлгілеу,сұрыптау,симпликаттау,оңтайландыру.

Стандарттау объектілерін жүйелеу ғылыми негізделген,стандарттаудың нақты объектілерінің жиынтығын жүйелі жіктеу және ранжирлеуден тұрады.

Стандарттау объектілерін сұрыптау – қоғамдық өндірісте қолданылуы және кейінгі өндіру үшін орынды деп қабылданатын нақты объектілерін құрудан тұратын қызмет.

Параметрлік стандарттау – белгілі тағайындаулы, әсер етудің және құрылманың белгілі қағидасы, яғни белгілі тұрпатты өнімінің параметрлік қатармен сипатталады. Қатардың бір түрі өлшемдік қатар болып табылады.

Өнімнің үйлестірілуі – Бірдей функционалдық тағайындауға ие агрегаттарды, бөлшек түрлерін рациональді қысқарту жұмыстары өнімді уйлестірілу деп аталады.Ол жіктеу мен ранжирлеуге, сұрыптау мен симпликацияға, үлгілеуге және дайын өнімнің элементтерін оңтайландандыруға негізделеді.

Агрегаттау- геометриалық және функционалдық өзара ауыстыру негізінде әр түрлі өнімдерді құруда көп рет қолданылатын жеке стандарттық үйлестірілген тораптардан жасалған құрылғылар, құралдар және машиналарды құру әдісі.

Кешенді стандарттау- объект ісіне де, оның негізгі элементтеріне де өзара оңды және жоспарлы талаптарды қолдану жүзеге асырылады.

Озушы стандарттау. Озушы стандарттауды әдісі стандарттаудың объектілердің тәжірібиде жеткен талаптар мен нормалардың деңгейін жоғарлатауын болжам бойынша кейінгі уақытта оңтайлы болып келетін орнатудан тұрады.

2 стр., 916 слов

Стандартизация мазмұны және ұғымы

... функцияларды орындайды, ал оның құралына стандартизация бойынша ұлттық органдардың коммерциялық ... беделді мүшесі болып табылады. Стандарттау саласында халықаралық деңгейде ... саласында белгілі кезеңде әр техникалық комитеттің нақты мү ... тұрады(стандартизация жүретін қызмет саласы).Бөлімдер екі санмен белгіленеді. ... амтамасыз етілуі біріншіден жоғарғытехнологиялы өнімнің сферасына бағытталған осы ...

Сертификаттаудың мақсаттары

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарығындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сертификаттау принциптері