І. Инженер еңбегінің ерекшеліктері
ІІ. Инженерлік кәсіп
2.1 Инженер – техник
2.2 Инженер – конструктор
2.3 Инженер – технолог
2.4 Инженер – пайдаланушы
2.5 Инженер – экономист
Қорытынды
Кіріспе
Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инденерлік еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедег барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып араласып кеткен бүкіл — әлемдік, бұқаралық, әмбебеп құрылысқа айналды.
Инженерлік еңбек дегеніміз – техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерді жобалау, жасау, жетілдіру және іске қосу, басқару процесстерін қамтамасыз ете отырып, қоғамның талап – сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін ғылым мен тәжірибеге негізделген шығармашылық сипаттағы ерекше ақыл – ой еңбегі.
Инженер еңбегінің
Инженер еңбегінің басты ерекшеліктері қандай? Біріншіден, инженер еңбегі — өндіруші, өнім шығарушы еңбек, ол материалдық және рухани құндылық жасайды. Болашақ өнімді жобалайды, өнімдерді ұйымдастырады. Екіншіден, инженерлік іс — әрекеттің әмбебептық сипатына байланысты, еңбектің көптеген түрлері оны ерекшеліндіреді, олар жүздеген инженерлік кәсіпте, мамандықтар мен мамандыруда іске асырылуда. Үшішіден, инженерлік еңбек үлкен шығармашылық мән – мағынаға және сипатқа ие. Шығармашылық сипат еңбектің көптеген түрлеріне тән. Күрделі техникалық операциялар жасайтын маман қызметкердің еңбегін шығармашылық элементтер сипаттайды. Шығармашылық белгілер экономика мен мәдениеттің әртүрлі салаларындағы ақыл – ой еңбегінен, жмысшылар, интелегенттер, мамандар еңбегінен байқалады. Инженерлік еңбектің шығармашылық потенциалы негізінен материалды өндіріс сферасында қолдауымен байланысты. Инженерлік ізденісті, жаңашылдықты, рационалды — өнертапқыштық әрекетін ретке келтіру ғылыми прогрессте анық көрініс табады. Инженер еңбегі негізінен алғанда мынадай бөліктерге жәктеледі: 1) болашақ шығаратын өнімге қатысты ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізу; 2) өнімнің конструкциясын жетілдіру, жаңарту; 3) өқндірісті техникалық тұрғыдан дайындау; 4) өндірістік процесст ұйымдастыру; 5) еңбек ұжымын басқару.
Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері
... тау; Саяси модернизация процесінің ерекшеліктері мен заңдылығын анықтау; Модернизация теориялары мен типтерін анықтау; Қазақстанда мемлекеттік биліктің және саяси жү ... Саяси модернизация қазіргі саяси институттарды, практикалардың, сонымен қатар қазіргі саяси құрылымның қалыптасуы, дамуы және тарауы ретінде анықтауға болады. Қазіргі саяси институт пен практиканы – демократиясы дамыған елдердің, саяси ...
Әрине, бұл еңбек элементтерін бастан – аяқ бір инженер атқармайды, ол мүмкін де емес. Бірақ, осы аталған операциялардың кез-келген инженер басқа жай-жапсарларды да жақсы білуі тиіс. Мұның бәрі жалпы дайындықты, мәдени деңгейді, ғылыми-техникалық терең білім мен іскерлік дағдыны, қабілетті талап етеді. Инженерлік еңбекте өндіруші еңбектің шығармашылық және интеллектуалдық қабілет мүмкіндіктері барынша шоғырландырылған. Ол үздіксіз жаңа ізденістеге ұмтылып, cтандартталмаған еңбек опреацияларын енгізуге, маңызды ақпаратты сыннан өткізуге тиіс. Шешім қабылдауда жоғары жауапкершілікке талап ие болуы қажет. Академик Н.В.Мельников (тау-кен инженері болған) былай деп жазған болатын: «Жалпы инжеерлік іс – бұл шығармашылық. Инженерлік өнер туралы айтсақ – жаңа машина аппарат, прибор шығармашылық еңбектің жемісі».
Инженерлік еңбек мазмұны тек қана таза шығармашылықта құралмайды. Тпті ақыл-ойдың мен сезім толқындарына толыққан әбден іс-әркет формалары да (айталық ғалым немесе суретші) «таза» шығармашылықтан тұрмайды. Бұл инженер еңбегіне өте қатысты. Инженерлік еңбек қоғамдық өндірісте оның жеке қатысушылары арасында әртүрлі категориялары, кәсіптері, лауазымдары, мамандығы т.б. бойынша бөлінеді, олар шығармашылық мүмкіндіктерді бірдей дәрежеде көрсете алмайды, бұл инженерлердің жеке қасиеттері мен жұмыс сипатына байланысты. Тіпті инженерлік жеке бөліну ішінде өзінің шығармашылық маңызының құны бірдей болмайды. Инженерлік шығармашылық үшін қажетт алғы шарттар алуан түрлі жағдайларға байланысты бөгеттерге тап болатыны да рас, сөйтіп инженерлердің инженерлік еңбекпен шынайы айналусуына мүмкіндік бола бермейді. Олардың белгілі бір бөлігінің субъективті сипаты бар, және жалпы кәсіпорындағы сияқты инженерлік еңбекті ұйымдастырудың кемшіліктеріне байланысты. Бірақ мұндай жағдайға әкелетін кейбір объективті себептер де жоқ емес. Олардың бірі – инженерлердің еңбек функциясының барға сайын мамандаушылық сипатының өсе түсуі. ҒТР нәтижесінде инженерлік мамандық пен мамандану саны мыңнан асты. Кез-келген мамандану белгілі-бір жиынтықты еңбек қызметін ғана қамтитын болғандықтан, оның техникалық бастамасы шектеліп, белгілі-бір мөлшерде шығармашылық мүмкіншілік азаяды. Төртіншіден, инженерлік еңбектің маңызды белгісі өндірісті басқарудағы ерекше ролі болып табылады. Еңбекті басқару ісімен кәсіпорындағы көптеген инженерлер, қызмет жетекшілері, сонымен бірге т.б. мамандар айналысады. Н.Л.Литовтың мәліметтері бойынша инженерлердің 60 пайызға жуығының қол астында адамдар жұмыс істейді. Бұл жөнінен кейінірек қарастырамыз.
Инженерлік еңбектің тағы бір ерекшелігі – ҒТР жағдайында оның қоғам алдындағы жауапкершілігінің барынша арта түсуі, экономикалық нәтижелерінің аумағы мен мәні жағында маңызының күшеюі. Мәселен, бүгінгі таңда біз нарық жағдайында отандық тауарымыздық шетелдік тауарлармен бәсекеде шеттеліп қалмай, өтімді болуына күш салудамыз. Әйтпесе, біздің ілгері болуымыз мүмкін емес. Ол үшін шығарған өндірістік өнімдеріміз әрі сапалы, әрі шыдамды, әрі ыңғайлы болуы керек. Ендеше, инженерлік жобаларымыз, конституцияларымыз, олардың дизайны, бағасы, сапасы – бәрі — әлемдік стандарттарға жауап беруі тиіс. Инрженерлік еңбектің жауапкершілігі осыдан туындайды. Инженерлік есепте, шешім қабыладуда кеткен қателік орын толмас зиян шектіруі әбден мүмкін. Міне, мәселе қайда жатыр. Шығарған бұйымдарынан ақау шыққанына байланысты үлкен экономикалық зардап шеккен шет елдік заводтар мен компаниялардың жағдайы туралы баспасөзден әр кезде алуан түрлі материалдар оқуға болады.
Инженерный труд России. Повышение квалификации инженера
... впервые дающего систематизированный обзор предметной области. Составитель - практик производства, инженер-консультант, изобретатель, имеющий совместные изобретения с Нобелевским лауреатом Л. Канторовичем. ... дела,даны предложения по структуре программ обученияинженерному делу и профессиональный портрет инженера. Данная работа опирается на прочный фундамент общеинженерных знаний, даваемых в ...
Инженерлік еңбектің күрделі құрылымы әртүрлі кәсіпте, мамандықта, лауазымда, білгірлік дәрежесіне сәйкес инженер санаттарының қалыптасуының объективті алғышарттары болып табылады.
ІІ. Инженерлік кәсіп
Инженерлік кәсіп – негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шшешуде пайдаланылатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін еңбек әрекетінің түрі. Кәсіпкер инженерлік мәселелерді шешудің тәсілдері мен амалдарына қарай бөлінеді. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты бір тектес кәсіптердің өзі әр алуын білім мен дағдыны қажет етуі мүмкін. Ең бастысы – инженерлердің өз кәсібін терең игеруінде. Инженерлік мамандық – кәсіптік білгірлікті инженерлік қызметтің нақты сапасында пайдалануды білдіреді. Инженерлік еңбекті мамандыру негізгі үш бағытта жүзеге асырылады:
Салалық мамандандыру (инженер – металлург, тау-кен инженері, мұнай, машина жасау өндірісінде және т.б. инженерлер).
Бұл да кәсіп ішіндегі еңбек бөлінісіне жатады. Мысалы: технолог кәсібі мамандық бойынша жіктеледі – машина жасау технологиясы, мұнай мен газ технологиясы, т.б.
Еңбек операциясының мазмұны бойынша мамандандыру. Бұл ақпараттық операциялар (ғыылми техникалық ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу), логикалық ойлау операциялары (өндіріс процесснің жоспарын талдау, есептеу), ұйымдастырушылық операциялары (өндірісті ұйымдастыру, үйлестіру жүйесі, бақылау, т.б.).
Инженердің еңбегінде қайсы еңбек операциялары басым түсіп, ерекше орын алатынына байланысты инженер-зерттеуші, инженер-жобалаушы, инженер-конструктор, т.б. болып бөлінеді.
Функционалдық мамандану (инженер-энергетик, химик, электроншы, т.б.).
Бұл — өнеркәсіптің әртүрлі салаларында өндірістің жалпы техникалық негіздерінің дамуымен байланысты (энергетика, электротехника, электроника, т.б.) ортақ негізді арқау еткен инженерлік мамандықтар пайда бола бастады. Бұған алуан түрлі өндірістерде пайдалануға болатын тектес механизмдерді,құралдарды, бөлшектерді пайдалануға жағдай тудыратын өндірісті автоматтандыру процессі себепкер болып отыр. Бұл процесстер мамандықтарды біріктіруді, инженерлердің дайындаудың процесссін ұлғайту қажеттігін туғызады. Екінші жағынан, ҒТП-де кері ағым қалыптасты, оған өнеркәсіп пен техникада жаңа салалардың пайда болуы мүмкіндік туғызды.
Инженерлердң кәсіби құрылымының динамикасы объективті факторларға байланысты, олардың ішінде өте маңзды өнеркәсіптің даму деңгейі, оның салаларының саны мен сипаты, олардағы техникалық процесстердің жетістігі, ҒТР әсерімен инженерлік кадрларды қайтадан бөлу мәселесі. Өнеркәсіптің әлеуметтік «тапсырысы» техникалық жоғары оқу орындарына қабылданатын студенттердің санын, мамандану бағыттарын анықтайды. Мәселен, соңғы жылдары энергетика мамандығын алуға ұмтушылар саны өткен ғасырдың 70-80 жылдарымен салыстырғанда 1,6 есе өссе, электрондық техника мен автоматика саласында 3 есе өскені белгілі болып отыр.
Бір мамандық иесі болып табылатын инженерлер күрделілігі әртүрлі еңбекпен, яғни әртүрлі квалификациядағы қызмет атқару мүмкін. Мәселен, конструктордың ішінде әртүрлі категориядағы инженерлер болады. Квалификация деген ұғымның өзі алған білімі мен нақты жұмыс орындарының талаптарына сәйкес қызметкердің еңбек функциясын орындауға дайындық деңгейін көрсетеді. Квалиифкациялық айырмашылық тек инженерлік мамандықтың ішінде ғана емес, солардың арасында да болады. Мысалы: инженер зерттеуші, инженер – констркутор квалиифкациясы бойынша инженер – технолог немесе инженер – пайдаланушыдан жоғары тұрады. Квалификациялық белгілерге баға беру – инженерлердің іс әрекеттің белгілі бір түрін игеру деңгейімен сипатталады, көбіесе мамандардың білім дәрежесімен анықталады. Инженерлік квалификация- бұл инженердің аса маңызды «жылжымалы» сипаттамасы, жүйелі түрде жетілдіріп, дамып, көркейіп тыруға тиіс.
Профессиографическое исследование деятельности инженера-проектировщика ...
... литературу по профессии инженер-проектировщик аэродромов;2) провести анкетирование представителей профессии;3) по итогам работы, составить общую характеристику профессии инженер-проектировщик аэродромов. 1 Методическое ... сельского хозяйства. Есть инженеры разных отраслей: технолог, геолог, системный инженер и так далее. Но данная работа посвящена инженеру- проектировщику.Проектирование (от ...
2.1 Инженер — техник
Инженер – техник қызметкердің тиімді білгірлік құрылымын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі — әртүрлі білгірлік дәрежедегі қызметкерлердің ұтымды ара қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бірінші кезекте дипломды инженерлер мен техниктердің оңтайлы ара қатынасы орнауы керек. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары олардың ара қатынасы шамамен 2:1 дәрежесінде болған, сонымен бірге халықаралық қолданыста 1:4 ара қатынасы қолайлы деп саналады.
Кәсіпорындардағңы жиі қолданылатын лауазымды қызмет түрлері: 1) кәсіпорын жетекшілері, олардың орынбасарлары, менеджерлер, бас мамандар; 2) тип, бөлімдрдің, лабораториялардың басшылары; 3)ауысым бастығы, топ жетекшісі, жетекші инженерлер; 4)аға инженерлер; 5) инженерлер; 6)шеберлер; 7) техниктер. Бұлар қызмет барысында жылжуы, лауазымды өсуі әбден мүмкін. Мұндай құбылысты кәсіби жылжымалылық деп атайды.
2.2 Инженер — конструктор
Коструктор еңбегінде арнайы және анықтамалық әдебиеттерімсен танысу, техникалық құжаттарды зерттеу, нақты техникалық есептемелер жүргізу, болашақ өнімнің техникалық сипаттамаларын анқытау сияқты элементтерді бөліп айтуға болады. Конструктор технологиялық процесстерді бақылауға алады. Оның басты назары болашақ техникалық жүйені құрастыратын матеиалдарға қойылатын талаптарды орынайды.
Конструтор әдетте конструторлық бюрода жұмыс істейді, олар кәсіпорын, ғылыми орталық немесе ғылыми зерттеу академиялық институттардың құрамына кіреді. Конструторлық бюро арнайы және жалпы болып бөлінеді.
Конструкторлық ұжымда әркім өз міндетін атқарады, бірақ бұл күнделікті кәсіби қарым – қатынаспен және техникалық идеялар алмасу мен өзара кеңеспен қатар жүріп отырады, сонымен олар бірігіп шешім қабылдайды.
Конструктор – біздің техникалық ғасырымыздың шешуші тұлғасы, осы заманғы техникалық прогрессті анықтайтын машиналардың жаңа түрлерін жасау оның қолында.
2.3 Инженер — технолог
Инженер – технолог өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді ұйымдастырып, басшылық жасап тікелей іске асырады. Ол техникалық құжаттарды дайындайды, чертеждерді мұқият зерттеп, техникалық есептер жасайды, технолгиялық карталарды тексеріп, түзетулер енгізеі және техникалық ұйымдастырушылық мәселелермен шұғылданады.
Инженер технолог өндіріс процессі барысында техника мен дамдардың өзара әрекетін дұрыс ұйымдастыруды техниканы пайдалану тиімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да, көбнесе кәсіпорындардың экономикалық көрсткіштері олардың іс әрекетне байланысты. Сонымен қатар, ол өндірістің қалыптылылығы мен шығарылған өніс сапасына, технологиялық тәртіптің қатаң сақталуына, ҒТП нәтижесінде шығатын технологиялық процесстердің өзгеруіне мүмкіндік туғызуына және жұмысшының ұтымды ұсыныстрын өндіріске енгізуге жауап береді. Технологиялық тәртәпті тек қана технологтар ғана емес, сонымен бірге инженерлердің бәрі де сақтауы тиіс.
Особенности профессии инженера-технолога современного машиностроительного ...
... инженер; инженер-конструктор (конструктор); инженер-технолог (технолог); инженер по инструменту; инженер по автоматизации и механизации производственных процессов; инженер по автоматизированным системам управления производством; инженер ... характеристик. 6. Квалификационные требования к инженеру-технологу производственного участка Инженер-технолог должен выполнять следующие виды работ: ...
Инженер – технолог қызметінің келесі бір ерекшелігі – жобалаушылар мен конструктор еңбегін өндіріс процесіне ткелей қатысушылармен, бірінші кезекте жұмысшылар еңбегімен, тікелей байланыстырушы екендігіне. Ол қызмет операцияларын жұмысшылар қандай әдіспен, қандай түрде, қалай жүзеге асыратынын алдын ала ескеріп отыруға тиіс. Бұдан оның технологиялық процесстерде қолданылатын кәсіби қасиеттері мен берілген жұмысты орындау үшін адамдарды дайындау деңгейінің сәйкестігінен қамтамасыз ету міндеті туады.
Технолог еңбегі жүйелі сипатта болып келеді, ол аумағы жағынан өте кең, осы мамандықты иелеген инженер білім мен дағдының әр саласын терең білуі қажет. Ол жобалаушы, өндірісші, технолог мен пайдаланушы инженерлердің қызметтерінен хабардар бола отырып, байланыстырушылық қызмет атқарады.
Технолог пен конструкторларға қойылатын талаптардың алғашқысы – бұл экономикалыққ талдаудың практикасы мен әдісін білу және технологиялық процесстерде машина мен приборларды тиімді құрастыруды техникалық – экономикалық негіздеу болып табылады.
2.4 Инженер — пайдаланушы
Инженер – пайдаланушы міндетіне техникалық объектілерді – машина, агрегат, құралдар, т.б. жөндеуі мен қызмет етуін қадағалау, қамтамасыз ету жатады. Ол техниканы дұрыс пайдалануды бақылайды, ұйымдастырады. Ол техниканы терең меңгерген болуға тиіс, сондай – ақ, жұмысшыларды техниканың мінсіз қызмет атқаруын қамтамасыз етуге жұмылдыра алуы керек. Бұл қызмет бір жағынан шебер қызметіне жақын, ал екінші жғынан – технологқа. Сондықтан, техникалық білім және практикалық тәжірибемен қатар, ол әлеуметтік – экономиалық білімді де игеруі керек.