Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі

Курсовая работа

1 Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшелігі

1.1 Нарықтық экономикаға өтуі 6

1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы республика

экономикасының дамуы 9

1.3. Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі 10

2 Қазақстанның металлургия өнеркәсібі

2.1. Минаралды-шикізат ресурстары 14

2.2 Металлургия өнеркәсібінің 2002-2005 жылдары арасындағы көрсеткіштері 15

2.3 Металлургия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы 17

2.4 Металлургия кәсіпорындары. 19

3. Қазақстанда түсті және қара металлургияны дамытудың

негізгі бағыттары 21

4. Минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері 22

Қорытынды 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде металлургия өнеркәсібінің рөлі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылға дейінгі даму стратегиясын» қабылдады [1].

Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың дамуының басты бағыттары қандай болды, ел экономикасындағы металлургия өнеркәсібінің рөлі қандай деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмыста көптеген статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы дамуының басты себептерін айқындау қазіргі уақытта өте қажет.

Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:

  • барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
  • елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (2000-2011) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте, мемлекет меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
  • рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100-ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы жеке меншіктегі , 72-сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр. Яғни экономикамыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.

Қазақстанда қазіргі таңда ең тауарлы өнеркәсіп саласына металлургия өнеркәсібі жатады. Ол қара және түсті металлургиядан тұрады. Қазақстанның бүкіл өнеркәсіп үлесінің 20 пайызы металлургия өнеркәсібіне тиесілі. Оның ішінді үштен екісін түсті металлургия, үштен бірін қара металлургия алады.

6 стр., 2578 слов

Металлургия өнеркәсібі

... үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, б ... өлшерде өндіріледі. Қазіргі заман техникасында қолданылмайтын металдар және құймалар жоқ десе де болады. Тіпті осыдан аз ғана бұрын өнеркәсіпте алынуы туралы сөз етілмеген ...

Түсті металлургия Қазақстандағы байы рғы өнеркәсіп салаларының біріне жатады. Оның дамуы республиканың өнеркәсібіінң дамуында үлен рөл атқарады. Ең алғашында түсті металлургияның негізгі аудандары Шығыс және Орталық Қазақстан болған. Соңғы 20-30 жылда түсті металлургия солтүстік және оңтүстік аудандарда да дамуда. Қазақстанның түсті металдары жоғары сапалылығымен ерекшеленеді.

Қара металлургия аудан құрушы маңызға ие өнеркәсіп саласына жатады. Қазақстанда қара металлургияның қалыптасуы негізгі екі бағытта жүрді. Біріншісі — одақтық маңызға ие темір рудасының базасының негізінде, екіншісі- металлургия кәсіпорындарының құрылысы негізінде [2].

Қазақстанда металлургияның дамуының негізгі мәселелері: жер асты рудниктерін реконструкциялау, технологиялық процестерді жетілдіру, шикізат бағытынан өңдеу бағытына өту, мыс, қорғасын-мырыш, алюминий өнеркәсіптерін дамыту[3].

Зерттеудің мақсаты — Республика экономикасының дамуындағы металлургия өнеркәсібінің рөлін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
  • Республикадағы өнеркәсіптің, соның ішінді металлургия өнеркәсібінің дамуына талдау жасау;
  • Республиканың металлургия өнеркәсібінің келешекте даму бағыттарын айқындау.

Зерттеу нысаны — экономиканың дамуындағы металлургия өнеркәсібінің рөлін айқындау болып табылады.

Зерттеу пәні – Қазақстандағы металлургия өнеркәсібі.

Құрылымы – жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды және колданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшелігі

Қазақстанның да нарыққа бағытталған экономика құруға бет алғанына жиырма жыл болады. Бұрынғы жоспарлы экономиканы нарықтық экономика түріне алмастыру экономиканың барлық салаларында дерлік жүргізілді. Көлемі мен тереңдігі жөнінен бұрын болып көрмеген әлеуметтік – экономикалық және саяси дағдарыстан елімізді алып шығу жолында күрделі істер атқарылуда. Біздің халқымыз көшпелі экономиканың ауыртпалығы мен бейнетін бастан кешіруде.

Экономикалық жағдайды обьективті бағалау үшін ТМД елдері өз басынан тек жәй көшпелі экономиканы емес, оның кеңестік дәуірден кейінгі ерекше түрін өткеріп жатқанын ескеруіміз керек. Ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс және Орталық Еуропа, Жапония, Шығыс Азия елдеріндегі, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Балтық теңізі жағалауындағы елдердегі социализмнен кейінгі көшпелі экономикадан бөлек. Бірінші топтағы елдерде нарықтық қатынастар мен шаруашылық тәсілдерін соғыс бөліп кеткен-ді, соғыс аяқталысымен олар қайта қалпына келтірілді. Ал екінші топтағы елдердің социалистік жоспарлы экономикасы да онша көп уақытқа созылған жоқ, оның үстіне олардағы экономиканың кейбір секторларында шаруашылықтың нарықтық қатынастары сақталды, олар дамыған елдермен қанаттас еді. Сондықтан, бұл елдерде экономиканы өзгер-ту процесі жеңілірек болды.

4 стр., 1575 слов

Қара металлургия

... қойылған. Ғаламдық нарық ХХ және ХХІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылды. Халы ... нарықтағы тапшылыққа байланысты, Қазақстанда сұрыптап прокаттау импортының жалпы көлемі соңғы бес жыл ішінде 7-ден аса өсті және 2004 жылы кедендік статистика бойынша 766 мың т. ...

Ал ТМД елдерінде нарықтық қатынастарды тыңнан бастау қажет болды. Кеңес адамдарында нарықтық әлеуметтік түсінік, кәсіпкерлік рух, демократиялық ой-пікір сияқты қасиеттер кеңінен дамымаған еді. Сондықтан да бұл елдерде нарықтық қатынастардың өмірге баяу енуі, қалыптасуы, бекуі түсінікті, өйткені оларда экономиканы басқарудың барлық буынында бұрынғы кадрлар іс басында отырғаны айдан анық еді [4].

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты нарыққа бет алған экономика жолына 1992 жылдың қаңтарында аяқ басты. Нарықтық экономикаға өту барысында Қазақстанға өзара тұтасып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

  • экономиканы тұрақтандыру және оны тамыры тереңге кеткен дағдарыстан шығару;
  • нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

Экономикада нарықтық қатынастармен нарық тетіктерін құлашын кеңге жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық дағдарысты жеңу де қиын еді, өйткені шаруашылық жүргізудің ескі тетіктері оған жарамайтын, ал жаңалары тек енді ғана қалыптаса бастаған болатын.

Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің бұл бірден-бір жолы және түбегейлі өзгерістің дұрыс стратегиясы болатын. Ре-форманың алғашқы сәтінде саналы түрде мақсат етіп қойылған «есеңгіреу» (шок) кеңес өкіметінен кейінгі экономиканы өзгертудің қашып құтылмайтын қиындығы еді. Өйткені бұл экономикада баға алшақтығы жағдайында жасанды тағайындалған бағалар орын алған-ды, қайта құру заманында экономикалық саясаттың және біліксіз жүргізілген табыс саясатының нәтижесінде шектен тыс көп жиналған ақша массасы бар-тұғын, ал мұның өзі өте тапшы тұтыныс рыногын тудырған болатын. Қысып ұстап, қолдан жасалған жасырын инфлияция ашық түрге айналды. Бұл, осылай болуға тиісті, өйткені бұл қауіпті ісік көп жылдар бойы экономиканы іштен жеп, оның жазылмас дертіне айналған еді. Сондықтан одан жазылу үшін ауыр болғанымен «есеңгіретіп емдеу» қажет болды.

Алғашқыда экономиканы ырықтандыруға және қаржыны шектеудің макроэкономикалық тұрақтандыруына негізделген басымдықтан гөрі құрылымдық өзгерістермен қабат жүретін экономиканы қаржыландырумен өндірісті өсіру қызықтырыңқыраған стратегия болды. Бірақ-та, аса зор инфлияция, қаржы жүйесі қаусаған, тұрғындар қолында жиналған ақшаның массасы шектен тыс көп жағдайда мұндай стратегия – экономикалық күйреу болды. Оның үстіне ондай стратегияны жүзеге асыру да мүмкін болмайтын, өйткені бұрынғы біртұтас кеңестік нарық бөлшектенді, бұрынғы шаруашылық байланыстар үзілді, ал басқа нарықтарға біздің тауарлармен шығу мүмкін емес еді. Экономиканы қаржыландыруға қажетті ақшаны қандай да ақша станогы басып шығарып үлгермейтін еді, ақша тапшылығы күннен – күнге арта берген болар еді.

Бұдан басқа тағы бір қызықтырарлық стратегия нарыққа біртіндеп көшу болды. Алайда, коммунистік көзқарас басым, нарыққа қарсы институционалдық ортада оны жүзеге асыру мүмкін емес еді. Нарыққа деген әр қадам, нарықтық тұрақтандыру тетіктері қатты қарсылық кездестіріп, ақыр аяғы ескі жүйеге қайтып келер еді.

Қалай болғанда да, сомдық аймақта отырған және Ресейдің Үкіметі Орталық банкі және Парламенті жүргізіп отырған экономикалық саясатқа тәуелді, өз валютасын енгізіп, оның курсын реттеп отыруға уақыты да тәжірибесі де және ресурсы, өзінің қаржы жөніндегі институттары жоқ Қазақстан Ресейдің стратегиясын оның кейінгі бұлтарыстарымен бірге қабылдауға мәжбүр болды [5].

19 стр., 9494 слов

Фискальная политика и её роль в регулировании государственной экономики

... фискальной политики в РФ: освещены объективные причины необходимости реформирования существующей фискальной политики, преобразования, осуществляемые правительством РФ в настоящее время. Задачей данной курсовой работы является раскрытие смысла и изложения основных составляющих бюджетно–налоговой политики. ...

Қазақстан өзінің іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз реформасын өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң 1994 жылдан бастап ғана жүргізе бастады. Осыдан кейін ғана өкіметтен ұлттық банктің экономикалық саясаты азды-көпті қажетті дәйектілікке және алдын-ала болжауға ие болды. Өкінішке орай, 1992 жылғы мамырда реформаның қабылданған стратегиясынан бас тартқан соң келесі жылдар аса асқындаған және шапқылаған инфляция, өндірістің құлдырауының өсу және тұрғындар өмір деңгейінің шапшаң төмендеу жылдарына айналды. Реформа жылдары инфляция деңгейі 13250есе өсті, өндірістің құлдырауы 1991 жыл деңгейінің 50 пайызына, ал өмір деңгейі 4 есеге дейін құлдырады.

Қазақстанда реформа жасау жылдарында, нарықтық экономикаға көшуде орасан зор көп жұмыстар атқарылды:

  • барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тариф ырықтандырылды;
  • сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда ырықтандырылды, соның

ішінде әртүрлі тарифтік емес шектеулер мен экспортқа шығарылатын

өнімдерге кеден бажы алып тасталынды;

  • 1995 жылғы 1-шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық саны бұрынғы 45-тен енді 11-ге дейін қысқарды. Олардың алым көлемі ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
  • түбегейлі институциалдық өзгерістер жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (2000-2011) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі – ірі жетекші кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық қызметпен айналысатын субъектілердің жалпы санының 80 пайыздан астамы жекеменшікте, мемлекет меншігінде тек 15,5 пайызы ғана қалған;
  • рыноктық инфраструктураның базасы жасалды: 100 ден астам екінші дәрежедегі банк жұмыс істейді, олардың 30 дан астамы жеке меншіктегі, 72- сі акционерлік, 6-ы шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот болып, кейбіреулері өзара бірігіп, қосылып, іріленіп деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр. Ұлттық банк қабылданған заң бойынша тәуелсіз банкке айналды. Инвестициялық және қамсыздандыру компаниялары, зейнетақы және басқа қорлар сияқты банкке жатпайтын қаржылық институттар құрыла бастады, толық нарықтық тәртіпке қазақстандық банкаралық валюта – қаржылық биржа, бірнеше тауар биржасы – осының бәрі нарықтық экономиканың өзіне тән айнымас белгілері;
  • нарықтық экономиканың, оны мемлекеттік реттеудің құқықтық базасы жасалды, ол үнемі жетілдірілуде.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның бүгінгі экономикасы нарықтық экономикаға әбден ұқсайды, бұдан былай жоспарлы экономикаға қайтар жол жоқ [6].