Газ тарату механизмі

Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары

№ 406 топ ПО мамандығы , оқу шебері____________________ ____

Сабақтың тақырыбы: газ тарату механизмі

Сабақтың мақсаты: дизельдi және карбюраторлы двигательдердiң газ тарататын механизмдерiнiң құрылысымен, әрекет ету принциптерiмен оғушыларды толық таныстырып, олардың теориялық бiлiмдерiн нығайту. Механизмдердi бөлшектеу, жинау, реттеу жолдарын үйрете отырып, оғушылардың дұрыс дағды қалыптастыруын көздеу. Оқушылардың техникаға деген сүйiспеншiлiгiн, жұмысға деген талапкерлiгiн тәрбиелеу.

Материалдық техникалық база:газ тарату механизмінің макеті, конспектісі, технологиялық нұсқау картасы,кілттер жиынтығы, балға,макет, арнайы киімдер.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:(3-5мин)

  1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру
  2. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын, сырт киімдерін тексеру.

II.Кіріспе нұсқау беру(25-30мин)

3.Оқушыларға төмендегі тәсілдерді үйренуді ұсыну:

  1. Газ тарату механизмінің негізгі түрлерін.
  2. Газ тарату механизмінің жалпы жұмыс схемасы туралы.
  3. Газ тарату механизмінің негізгі бөлшектері туралы.
  4. Клапандарды ашу және жабу қызметін қандай бөлшектер атқаратыны туралы.
  5. Газ таратудағы фазаның диаграммасы туралы
  6. Газ тарату механизмінің негізгі ақаулары туралы.

4.Жаңа тақырыпты түсіндіру

Газ тарату механизмі. Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады.Сору процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топтан тұрады.Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы. Ал осы бөлшектер тобының орналасуына байланысты газ тарату механизмі бірнеше түрге бөлінеді.Олар көбінесе клапандардың орналасуына байланысты, жоғарғы және жандық газ тарату механизмдер болып бөлінеді.Жандық газ таратыу механизмі (2.7.а – сурет) кезінде клапандар (5) цилиндрдің жанына жасалған ұяда (6)тұрады, ал клапандары (5) (2.7.б – сурет) жоғарыда орналсқан газ тарату механизмінде цилиндр басындағы ұяда (6) тұрады. Осындай клапандардың орналасу түріне байланысты, олардың жетегі де әртүрлі болады. Жандық орналасқан газ тарату механизмдерде (2.7.а – сурет) жетек механизмі иінді біліктің шестернясымен (2) үнемі тістесіп тұратын шестернясы (1) бар жұдырықша білікшеден (10), итергіштен (9)және реттегіш болттан (4) құралады. Ал клапандары жоғарыда орналасқан газ тарату механизмінде (2.7.б – сурет) осыларға қосымша штанга (14), куйенте (11) арнаулы оське (12) бекітіледі.

3 стр., 1495 слов

Генератор туралы қазақша

... синхронизирован басқа генераторлармен тарату желісінде электр қоректендіру. Тұрақты ток генераторы жұмыс істей алады ... рлері (механикалық, химиялық, жылу) преобразуются электр энергиясына. Қазақстан тарихы Сонымен қатар, ашылған байланыс сенушілігінде пайдаланылды ... диск» болды униполярным генераторы, использовавшим мыс диск, айналмалы между полюсами подковообразного магнит. Ол вырабатывал шағын тұра ...

2.7.-сурет. Газ тарату механизмінің схемасы.

1,2-жетек шестернялары; 3-иінді білік; 4-болт; 5-клапан; 6-клапан ұясы; 7-серіппе; 8-тарелка; 9-итергіш; 10-жұдырықша; 11-күйенте; 12-ось; 13-кронштейн; 14-штанга.

Автомобиль двигательдерінде көбінде газ тарату механизмі газ тарату фазасын тұрақты ұстап отырады .

Газ таратудағы фазаның диаграммасы – бұл клапандардың ашылу немесе жабылу моменттерінің (фаза) иінді білік бұрылу бұрышымен сипатталған және дөнгелек диаграмма түрінде берілген.Газ таратудағы диаграммада көрсетілген аралықтарды, двигательдің жылдам жүруін ескере отырып береді. Неғұрлым иінді біліктің айналу жиілігі жоғары болса, соғұрлым ол үлкен. Сору және шығару клапандарының бір мезгілде ашылу уақыты кейбір двигательдерде

16° — тан 60° — қа дейін толқып тұрады.

Ең тиімді газ тарату диаграммасын әрбір двигательге эксперимент түрінде анықтайды.Қабылданған газ тарату диаграммасы ( аз ғана ауытқуы) двигательдің үнемділігін және қуатын азайтады.

Механикалық газ тарату механизмді двигательдерде (ГТМ) газ тарату фазасы басқарылмайды немесе шапшаң реттелмейді.

Кейінгі кездерде газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын электронды жүйемен реттеу қолданып жүр.

Көптеген өндірушілер двигательдерде гидромеханикалық, электромеханикалық немесе басқа жолмен басқарылатын жүйесі бар және оның үстіне олар электрондық хабар бергіш жүйесімен жабдықталған қондырғылардың көмегімен басқарылып жұмыс істейтін газ тарату механизмін орнатқандықтан, газ тарату диаграммасын өзгертуге мүмкіндік туады.

Басқарылмайтын газ тарату фазасы төменгі айналу жиілігінде тиімсіз, өйткені мұндай жағдайда цилиндрге ертерек кірген ауа бөліктерін енгізу клапаны жабылар алдында итеріп шығарады, ал шығару клапаны тым ерте ашылады.Соның салдарынан цилиндрден жоғарғы қысымдағы энергиясы толық қолданылып, жұмысқа айналмаған газдар шығып кетеді.

Қазіргі заманғы кейбір двигательдерде цилиндрлерінің жақсы толуын қамтамасыз ету үшін, иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты, газ тарату фазасындағы клапандардың ашылу – жабылу кезеңдерін шапшаң реттеледі.

Иінді біліктің айналу жылдамдығының аздығынан, клапандардың ашылуынан жабылуына дейінгі уақыт созылады және цилиндр ауамен немесе жанатын қоспамен жақсы толады.

Цилиндрдегі ұлғаю процесі кезінде поршеньге ұзағырақ әсер етуі үшін шығару клапаны ТӨН жақынырақ ашылуы және ЖӨН кейін аз кешігіп жабылуы керек.Сондықтан, төменгі айналу жиілігі кезінде шығару тактісі жүргенде, поршеньнің ЖӨН қозғалуына қалдық газдардың қарсы қысымы әсер етпейді.

Мұндай батыл қадамға 1993ж бірінші болып Alfa Romeo компаниясы қадам басты.Ол двигательге электрондық жүйе дабылымен басқарылып жұмыс істейтін, екі жоғарғы тарату бөлігінің бастапқы бұрыштық жағдайын бұрылыспен өзгертетін гидромеханикалық жүйесін орнатты.Кейінірек тура осы принцип Daimeer – Benz және Nissan фирмаларында қолданылады.

Двигательдің төмен айналысында бұраушы момент 25 – 35℅, ал номиналды айналыста 5℅ көбейеді.Клапанды ашып – жабуды реттеуде болашағы үлкен жүйе – электромагниттік реттегіштер. Реттеу дәлдігі 0,005 секунд ішінде жүзеге асады. Осындай газ тарату фазасын басқарушы двигатель клапандарын электро – магнитті басқару жүйесі жасалып және автомобильдерде қолданып жүр.

5.Оқушыларға бағалау өлшемін хабарлау

6.Кіріспе нұсқауды қорыту

III.Ағымдағы нұсқау , жаттығулар өзіндік жұмыстар

Шебер оқушылардың жұмысын қадағалап , дұрыс емес жақтарын түзеп, оларға қажетті нұсқау беру керек.

Жаттығулар: Кілттер жиынтығын қолдана отырып,газтарату механизмін реттейміз.

Өзіндік жұмыстар:Газ тарату механизмнің сұлбасын дәптерге саламыз

7. Мақсатты түрде оқушылардың жұмыс орындарын аралау

Бірінші аралау: жұмыс орнын дұрыс ұстауын тексеру.

Звенолардың механизмдерді агрегаттарды бөлшектеуге дайындықтарын тексеру. Әр оқушының технологиялық нұсқау картасымен танысқандығын байқаймыз. \Буланов А\

Екінші аралау:Еңбек тәсілдерінің орындалуының дұрыстығын тексеру бөлшектейміз.

Үшінші аралау:Өзіне өзі бақылау жүргізуін тексеру

Агрегаттар мен механизмдердің орналасуынаден қойып, дұрыс ұғым қалыптастырамыз./Телегенова.П , Корабаева Б/

Төртінші аралау:Жұмыстың техникалық жағдайларды сақтаудың дұрыстығын тексеру . Жұмыстарды қабылдау және бағалау Автомобильдің жалпы құрылысымен қайта танысып, оны қалпына келтіріп, керекті құрал – жабдықтарды қайта жинаймыз. Жіберген қателіктерін түсіндіреміз. Бақылау нәтижелерін дәптеріне түсіреміз./Буланов А, Корабаева Б, Телегенова П/

Бесінші аралау: Бақылау жүргізуінің дұрыстығын тексеру. Бөлшектенген агрегаттың жинақталған сапасын , реттелуін тексереміз.

IV.Қорытынды нұсқау:(10-15)

V.Жұмыс орындарын тазарту

VI.Келесі сабақтың материалдық техникалық базасын тексеру

Өндірістік оқу шебері:________ ____________________________

3.1.5. Бір жұмыс орнына нұсқаунама – технологиялық карта дайындау

Пән аты: Ауылшаруашылық машиналары

Сабақ тақырыбы:

Сабақ түрі: лабораториялық сабақ

Сабақ мақсаты: Газ-53А автомобилінің құрылысы және ондағы бөлшектерінің жұмыс істеу принципін көрсету. Жұмысқа дайындау, білімдерін нығайту.

Жабдықтар мен құралдар:Газ-53А автомобилінің макеті.Техникалық нұсқау картасы. Техникалық қауіпсіздік картасы,плакаттар, съемниктер,динамометрлік кілт,монтаж столы,ПИМ-1516жиынтық құралдары,№ 1 щуп жиынтығы,жұмсақ сым,бор,қысқаш,балға

Тапсырма орындауға берілген уақыт: 6 сағат

Нұсқаулама технологиялық карта

Сұлбалар мен макеттер

Тапсырма мазмұны мен орындалу реті

Тапсырма орындауға қойылатын талаптар нұсқауы

1-сурет.

Бақылау сұрақтары: