Қазақстандағы саяси модернизация оның ерекшеліктері

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .3 — 7

1 – тарау. Модернизация процестерін зерттеудің теориялық

негіздері.

2 – тарау. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның

ерекшеліктері.

2.1. Қазақстан Республикасындағы жаңа саяси құрылым жасаудың

әлеуметтік – экономикалық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30 — 37

2.2. Қазақстанда саяси жүйені модернизациялау ерекшеліктері . . . 37 — 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 43 — 44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . 45 — 47

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі тарихи дамудың негізгі көріністері тұрғысынан әлемдегі кейбір елдерде авторитаризм мен тоталитарлық режимдрдің құлауынан байқалады. Ал модернизация теориясы тұрғысынан саяси даму билік пен қоғам арасындағы жаңа байланыстар типін қалыптастыру, халықтың көпшілік бөлігіне негізгі шешімдерді қабылдарда ықпал етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік – саяси механизамдерді құру болып табылады.

«Модернизация» ұғымы Батыс әлеуметтануында әлеуметтік – саяси, жалпы қоғамдық даму мінездемесі ретінде қолданылады. Яғни модернизация термині жинақталған мағынада қолданылады. Біріншіден, ол қазіргі индустриалдық қоғамның даму сатыларының түрлерін, екіншіден, дамушы мемлекеттердің ұлттық дамудың өндірістік дамуға көшу процесін айқындайды.

Жалпы саяси ғылымдарда саяси модернизация теориялары XX ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптаса бастады. Оның құрушылары XIX — XX ғасырлардың басындағы атақты зерттеушілердің, сонымен қатар М.Вебердің (мінез – құлықты рационалдау негізде дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту бағытында европалық мәдениетті дамыту идеясын қозғады), Ф.Теннистің және Э.Дюркгеймнің (еңбекті бөлу негізде «механикалық ынтымақтастықтың» қоғамынан «органикалық ынтымақтастық» қоғамына өту эволюциясының концепциясын ұсынғандар) теориялық мұраларына сүйенді[1].

Алғашында модернизция өзінің табиғаты тұрғысынан Азия, Африка, Латын Американың артта қалған елдерінің өзара байланыстары идеясына сәйкес қолданылды. Қазіргі уақытта модернизация теориясы посттоталитарлық әлемде саяси өзгерістердің бағыты мен мағынасын көрсетеді. Өйткені, өтпелі кезеңдегі елдің саяси даму проблемалары модернизация теориясында толық бейнеленеді. Яғни, ол дәстүрлі мемлекеттің артта қалушылығын жою, динамикасын анықтаушы әртүрлі схемалар мен модельдер жиынтығы.

4 стр., 1521 слов

Робототехниканың құрылу және даму шарттары

... рекордттық тапсырыс алды. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде 700 мыңға жуық робот жұмыс жасайды.2020 жылды ... ғы олардың ғылым мен техниканың әртүрлі даму сатысын көрсететінінде. Механика және электротехника түсініктерін ... 27- лік қозғалысқа ие. Роботтар болса, аз қозғалысқа ие болады, сол себепті оның ... тұру қасиеті де жағдай жасайды. Мысалы, ұшақтарда орналастырылған электронды құрылғылар элекрлік шуғ ...

Модернизация технологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және психологиялық бағыттағы өзгерістердің кешенді процесі. Қоғам өмірінің кез – келген саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды. Модернизация феномені – бұл саяси жүйені, саяси қызметтің формасын, әдісі мен құрылымын, тәсілі мен технологиясын, сонымен бірге саяси мақсаттарды, доктриналарды, концепциялар мен бағдарламаларды жетілдірудің, жаңартудың, өзгертудің механизмі. Модернизация теориясы – батыстық даму деңгейіне жетуге бағытталған. Оны кейде вестернизация деп те атайды.

Демократияландырудың саясатына өту бастамасы ол қоғамдық қатынастарды модернизациялау мен өмір сүруші қоғамдық құрылыстың сипатын өзгертуден басталады. Демократиялық саяси модернизация қазіргі қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси және басқа институттардың жүйесінің қалыптасуымен байланысты. Институттық өзгерістер нарықтық экономиканың қалыптасуы мен әлеуметтік құрылымның өзгерумен, әлеуметтік мобильділік сипатының өзгеруімен әлеуметтік стратефикацияны бекітумен тығыз байланысты. Яғни саяси модернизация – бұл қоғамның демократиялануының және билік пен қоғам арасындағы қатынастардың ұзақ та, күрделі процесі.

Сондай – ақ, Қазақстанда да қазіргі кезде көптеген өзгертулер мен жаңартулар болып жатыр. Яғни елімізде демократиялық және саяси модернизацияның жаңа кезеңі басталды. Бұған дәлел ретінде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлкеттік комиссияның құрылуын айтуға болады. Оның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, елімізде қызмет ететін барлық саяси партиялардың, ірі қоғамдық бірлестіктердің басшылары кірді. Яғни өтпелі кезеңде ұлттық ерешелігімзіді ескере отырып, әрдайым бүгінгі нақты жағдаймызды есепке ала отырып, саяси жүйемізді модернизациялаудың қазақстандық жолын қаптастырып жатырмыз деп айтуға толық құқығымыз бар.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси ғылымдағы саяси модернизация теориясы XX ғасырдың 50 – 60 жылдарында қалыптасты деп атап өттік. Оны зерттеуге біршама үлес қосқан ғалымдар арасынан мыналарды атап өтуге болады: Г.Алмондтың және Д.Пауэллдың «Салыстырмалы саясаттану. «даму концепциясы» позициясынан жақындау» (1966), Д.Аптердің «Модернизацияның саясаты» (1965), С.Липсеттің «Саяси адам» (1960), Л.Пайдың «Саяси дамудың аспектілері. Антикалық зерттеулер» (1966), Д.Растоудың «Ұлттың әлемі» (1967), Ш.Эйзенштаттың «Модернизация: қарсылық және өзгеріс» (1966), С.Хантингтонның «Өзгеруші қоғамдағы саяси тәртіп» (1968) және тағы сол сияқты жұмыстар модернизация теорияларын өгертуге ерекше үлес қосты. Яғни, саяси модернизация теориясы бірқатар Батыс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Олардың ішінен мыналарды атап өту керек: З.Бжезинский, Р.Будон, Р.Дарендорф, Ф.Фукуяма, П.Штомпки т.б.

Саяси модернизация процесі екніші және үшінші эшалондық елдерде, қуушы модернизацияның проблемалары мен прспективалары «үшінші әлемдік» социумде В.А.Красильщиков, В.П.Гутник, В.И.Кузнецов, А.Р.Белоусов, А.Н.Клепач, И.А.Шин, Л.И.Рейспер, Н.А.Симонии, К.Л.Сыроежкин, В.А.Федорова, Л.М.Энтин, В.Е.Чиркин, В.Г.Хорос, М.А.Чешков, С.А.Егоров, Т.Е.Ворожейкинова, Э.Л.Лебедева, Е.А.Федякова және т.б. ғалымдардың назарының басты объектісіне айналды.

15 стр., 7117 слов

Основные типы модернизации

... внутренним ресурсом для этого и зависит от внешних источников (экзогенная модернизация). 2. Органическая модернизация Органическая модернизация - это утверждение культуры «модернити» в силу внутренних причин ... может иметь значение для современной России. 1. Понятие и критерии модернизации Общее понимание модернизации как перехода от традиционного, аграрного общества к современному, индустриальному, ...

Ал Қазақстандағы модернизацияның даму барысы жайлы Н.Ә.Назарбев, А.Х.Бижанов, К.Н.Бурханов, С.А.Дьяченко, Л.И.Кармазинова, Р.К.Кадыржанов, М.С.Машан, Ж.А.Мурзалин, Д.Н.Назарбаева, А.Н.Нысанбаев, И.Н.Тасмағамбетов, А.К. Тілегулова еңбектерінде анализ жасалынған.

Сонымен қатар біршама азшылық саясаттанушылық және мемлекеттілік еңбектер ішінен осы тақырыпқа арналған Е.М.Абенов, Ю.О.Булуктаева, Ж.Х.Жүнісова, Ғ.С.Сапарғалиев, В.Малиновский, Б.А.

Майлыбаевтің монографиялары мен мақалаларын ерекше атап өту қажет[2].

Сол сияқты мен де, осы тақырыпты одан әрі қарай жалғастырып, ғылыми диссертация жазып, мұндағы кемшіліктерді түзетуге тырысамын.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.

Зерттеу жұмысының мақсаты – зерттеу жүргізу барысында көптеген ғылыми әдебиеттер, монографиялар мен мақалаларды салыстырмалы талдау жасай отырып, саяси модернизацияның шет елдер мен Қазақстандағы даму ерекшеліктерін анықтау.

Осыдан келіп зерттеу жұмысының мынадай міндеттері шығады:

  • Модернизация ұғымының пайда болуын анықтау;
  • Саяси модернизация процесінің ерекшеліктері мен заңдылығын анықтау;
  • Модернизация теориялары мен типтерін анықтау;
  • Қазақстанда мемлекеттік биліктің және саяси жүйенің жаңаруына президент институтының модернизациялық ықпалын анықтау;
  • Саяси модернизацияның дамуы процесінің негізгі объектісі ретінде Қазақстанда президент институтының ықпалын зерттеу;
  • Ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының барысында мен мынадай жағдайларға көз жеткіздім:

─ Модернизациялық процестер көптеген елдерде авторитарлық және тоталитарлық режимдерден демократиялық режимдерге өту барысында көрініс береді екен.

─ Модернизация теориясы қоғамдық қайта құру сатысын және қазіргі қоғамға өту процесін білдіреді.

─ Саяси даму әлеуметтік өзгерістердің көп жақты процестерінің бір аспектісі.

─ Қазақстанда саяси құрылымдарды жасауда Елбасының ықпалының зор екендігін байқадық.

Зерттеудің объектісі. Бұл зерттеу жұмыссының объектісі саяси модернизация, сонымен қатар онда қазақстандық және шетелдік тәжірбиелерді салыстыру.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, үлкен екі тараудан, әрбір тарау екі бөлімнен, қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 – тарау. МОДЕРНИЗАЦИЯ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Саяси модернизация қазіргі саяси институттарды, практикалардың, сонымен қатар қазіргі саяси құрылымның қалыптасуы, дамуы және тарауы ретінде анықтауға болады. Қазіргі саяси институт пен практиканы – демократиясы дамыған елдердің, саяси институттың көшірмесі деп емес, өзгеруші шарттарға саяси жүйенің қабілеттілігі мен бара – бар әсерін қамтамасыз етуге қабілетті институттар мен практикалар деп түсіну қажет.

Бірақ, батыстық саясаттануда саяси модернизация процесінің қозғаушы күшіне қатысты біріккен пікірлер жоқ. Г.Алмондтың және Л.Пайдың еңбектері қабылданған. Олардың еңбектері бойынша саяси модернизация барлық әлеуметтік ағзалардың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін, саяси жүйені орындайтын функцияны әрдайым жүзеге асыратын процеске келіп тіреледі. Олар осы функционалды тәсілге сүйене отырып, саяси институттардың функциясы мен сапа жүйесінің өзгеруі үш процестен тұрады: а) саяси жүйедегі институттардың құрылымдық дифференсациясы мен олардың функцияларын арнайыландыру; б) саяси жүйелердің модернизациялануы мен өмір сүруге қабілеттіліктерінің өсуі (Л.Пай); в) тең құқықтыққа деген тенденция. Тең құқықтық тенденциясы әртүрлі әлеуметтік топтардың саяси қатысуының барлығына қойылған шектеулерді алып тастауда, барлық азаматтарға мемлекеттік орындарға ие болуына мүмкіндік беруде көрінеді[3].

10 стр., 4530 слов

Модернизация системы государственного и муниципального управления

... и догоняющей модернизации; дать описание примера органичной модернизации, ее условий, достоинств и недостатков; дать описание специфики модернизации государственного и муниципального ... методов, которые относятся к государственному и муниципальному управлению. 1.2 Методы государственного и муниципального управления государственный управление модернизация муниципальный «Метод»- слово греческого ...

Саяси модернизацияға ықпал ететін факторлар қатарына мыналар жатады:

  • географиялық фактор;
  • геосаяси жағдай, тұрғындардың тығыздығы, тұрғындардың ұлттық құрамы, демографиялық көрсеткіштер;
  • ресурстар көлемі, құрылысты жұмылдыруға және институттандыруға жұмылдыратын;
  • өтпелі кезеңінің құрылымдық және арнаулы ахуалдары және экономикалық факторлар;
  • тарихи, мәдени дәстүрлер. Дәстүрлі әлеуметтік саяси құрылымдар, саяси мәдениет;
  • потенциал және ұлттық элитаның мүмкіндігі. Билікке талпынушының, ресми емес топтың барлығының ықпал ету деңгейі.

Саяси модернизация теориясында осы күнге дейін социолистік және социолистік дәуірден кейінгі елдердің трансформациялануының теориялық негіздері жоқ. Әлемдегі модернизациялаудың тәжірбиесі мынадай болған. Мысалы, Италия фашистік тәртіптен, Германия нацистік тәртіптен кейін трансформациялануға ұшыраған. Бұл туралы Ресей ғалымы Бутенко былай деп жазды: «Батыс және отандық саясаттануда коммунистік өңі бар тоталитаризмнің күйреуін алдын ала көре алмауы 80 – жылдың соңы мен 90 – жылдың басындағы оқиғаларды анық пайымдай білмеуі тоталитарлық тәптіптің демократияға өту кезеңінде оның жолдары мен әдістері жайлы пайдалы кеңес бере алмауы кейін өз зардаптарын шеккізді».

Белгілі социолог Р.Дарендорф демократияға төнетін екі қауіпті атап өтті: біріншіден, жаңа жас демократиялық елдер өз даму жолдарын осыған дейін жауыздық жасағандарды жауапқа тартудан бастады. Екіншіден, сот билігі саяси күштердің жетімтігіне айналады.

Латын Америкасындағы сайлау арқылы билік басына келген үкімет осы екі қатені де қайталады, яғни заң билігін орнатудағы дәрменсіздік, көптеген демократиялық құрылымның әлсіздігін көрсетті.

Орыс ғалымы А.Демидов пікірі бойынша модернизацияның мынадай бағыттары бар:

  • қоғамның және оның технологиялық жүйесінің индустризациялануы мен ақпараттандарылуы;
  • экологиялық қоғамның қалыптсауы;
  • демократияландыру тұрғындардың қоғамдық істерді басқарудың кеңеюі. Саяси биліктің бақылауда болуы, биліктің қоғам алдындағы жауаптылығы;
  • әлеуметтік сала параметрлерінің радикалды өзгеруі. Тұрғындардың басым көпшілігінің әл – ауқатының артуы, байлар мен кедейлер араларында айырмашылықтың азаюы;